Экономика

Көлік салығын "ескі" АЕК-пен төлеуге болады

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік салығының мөлшері АЕК көбейгеннен кейін өзгерген жоқ. Жеңіл автокөліктер үшін – қозғалтқыш мөлшеріне қарай 1-ден 117 АЕК-ке дейін, ал жүк көліктері үшін – 3-тен 9 АЕК-ке дейін

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2020 жылы көлік құралына салынатын салықты есептеуге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген АЕК, яғни 2 651 теңге қолданылады, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Оқи отырыңыз: Смайылов республикалық бюджеттің кірісі төмендегенін айтты 

Сәуір айында айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 2778 теңгеге көбейгеннен кейін көлік жүргізушілері арасында салық мөлшері туралы сұрақтар туындады.   

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы 3-тармағына сәйкес, көлік құралының салығын есептеуге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданысқа енгізілген АЕК қолданылады", - деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитеті.

Салық көлемі айлық есептік көрсеткіштерде (АЕК) белгіленген мөлшерде әр көлік құралы үшін дербес есептеледі.

Жеңіл көліктер үшін 1-ден 117 АЕК-ке дейін – 2 651-ден 310 167 теңгеге дейін, ал жүк көліктері үшін 3-тен 9 АЕК-ке дейін немесе 7 953-тен 23 859 теңгеге дейін салық салынады.

Жаңалықтар
0