Сталинград үшін шайқас: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған көрме ашылды

© Sputnik / РИА Новости / Фотобанкке өтуСталинградская битва
Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Көрме материалдары 1942 жылдың 17 шілдесінен бастап 1943 жылдың 2 ақпаны аралығындаңы Ұлы Отан соғысының ең қанды шайқастарымен ғана емес, бүкіл II дүниежүзілік соғыстың тарихымен таныстырады

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы Жеңістің 75-жылдығына арналған "Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста" виртуалды көрмесінің ашылғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрме "Мәдениет арқылы үнқатысу" халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің бастамасымен әрі Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің және  "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен арнайы қазақстандық көрермендер үшін дайындалды. Ал материалдар Волгоград қаласындағы "Сталинград шайқасы" музей-қорығынан алынды.

© Sputnik / Георгий Зельма / Фотобанкке өтуСталинград шайқасы
Сталинград үшін шайқас: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Сталинград шайқасы

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжановтың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты көрме электронды форматта ұйымдастырылып отыр.

"Сталинград бағытындағы әскер құрамында Қызыл Армияның 320 құрамасы мен 250-ден астам бөлімдері болды, оның ішінде бес атқыш  және кавалериялық дивизиялар, атыс бригадасы, миномет полкы және механикаландырылған мотоқұрылыс батальонынан құралған қазақстандық құрамалар болды. Сталинградтық жау тобын қоршап, жоюдағы шайқастардағы ерлігі үшін төрт қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Көрме материалдары көпшілік қауымға қызықты болады деп сенемін", - дейді Рақымжанов.

© Sputnik / Георгий Зельма / Фотобанкке өтуСталинград шайқасы
Сталинград үшін шайқас: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
Сталинград шайқасы

Ал Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкиннің сөзіне қарағанда, көрмеде қазақстандық жауынгерлердің батырлығы мен ерлігі, олардың Сталинград түбіндегі жау әскерлерін талқандауға қатысқаны туралы баяндайтын материалдар тұңғыш рет ұсынылып отыр.

© Photo : Фото с сайта "Великая Отечественная: взгляд из XXI века""Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста" виртуалды көрмесінің экспонаты
Сталинград үшін шайқас: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
"Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста" виртуалды көрмесінің экспонаты

"Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста" атты көрмесі мемлекеттеріміз арасындағы достық одақтастық байланыстарды нығайта түсетініне, бәрімізге ортақ өткеніміздің ерлік беттерін еске алуға көмектесетініне сенімдімін. Мұндай жобалар біздің даңқты тарихымызды бұрмалауға, нацистік Германия мен оның жақтастарын талқандаудағы Қызыл Армияның рөлін төмендетуге тырысатын масқара әрекеттерге бірлесе қарсы тұруға да мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті Бородавкин.

© Photo : Фото с сайта "Великая Отечественная: взгляд из XXI века""Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста" виртуалды көрмесінің экспонаты
Сталинград үшін шайқас: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған көрме ашылды - Sputnik Қазақстан
"Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста" виртуалды көрмесінің экспонаты

Көрме материалдары 1942 жылдың 17 шілдесінен бастап 1943 жылдың 2 ақпаны аралығында өткен Ұлы Отан соғысының ең қанды шайқастарымен ғана емес, бүкіл II дүниежүзілік соғыстың тарихымен таныстырады. Ұлы шайқастағы Жеңіс соғыс барысында түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сталинград шайқасында Отан үшін күрескен 500 мыңға жуық ержүрек жауынгер қаза тапты. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы халқының өкілдері, соның ішінде қазақстандықтар да болды.

Виртуалды көрменің материалдарымен Елбасы кітапханасының сайтынан танысуға болады. 

Жаңалықтар
0