Видео

Соғыс туралы өлең: Ресей федерация кеңесінің спикері Жеңістің 75 жылдығы туралы айтты

Жазылу
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Sputnik Ресейдің федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкодан пандемия кезінде мерейтойды қалай қарсы алатынын білді

Валентина Матвиенко әскери поэзияны ерекше ұнататынын атап өтті. Ол өзінің сүйікті өлеңін оқып берді.  Sputnik-ке берген эксклюзивті сұхбатында неге Роберт Рождественскийдің туындысын таңдағанын жеткізді.

Қазіргі жағдайда Жеңіс күнін қалай тойлау керек деп ойлайсыз? Үйдегі суреттер мен мұрағатты қайта қарап шығу туралы айттыңыз. Тағы қандай жолы бар?

"Өлең... Соғыс туралы өлең. Өздеріңіз оқыңыз, балаларыңызға оқыңыз. Біз ТМД парламентаралық ассамблеясы аясында жоба жасадық. Бірнеше адам: актер, ардагер, саясаткер, жастар Ұлы Отан соғысы туралы бір туынды оқиды. Мен де өз әріптестерім секілді осы жобаға қатыстым. Туындыны өзім таңдадым. Ұзақ таңдадым", - деді ол. 

Ол әскери тақырыптағы бірқатар туындыны қайта оқып шыққанын айтты. Сол уақытты сезінгендей болған. Матвиенко Жеңіс күні қарсаңында бәріне осылай жасауға кеңес берді.

Сізді ерекше әсерде қалдырған қанадй туындыларды атап өтер едіңіз?

"Симонов, Твардовский, Окуджава, Друнина, Берггольц… "Я убит подо Ржевом", "Если дорог тебе твой дом", "Я ухожу от пули", "Ты вернешься", "Накануне"… Осы туындылардан кейін жауынгердің не сезінгенін түсінуге болады. Бірақ сондай қиын-қыстау кезеңнің өзінде махаббат сезіміне орын қалған. Өлеңнің әрбір тармағы толғанысқа толы", -дейді Матвиенко.

Ол Роберт Рождественскийдің "Реквием" атты өлеңін таңдаған. Бұл таңдауға өзі де таңғалса керек.

"Туынды бәріне таныс сияқты. Бірнеше мәрте естіген сөздер. Алайда қандай керемет күші бар. Трагедияға, өткенге деген көзқарас. Сөздері қарапайым, бірақ оқыған сайын күш беретіндей. Оқып көріңіздер", - деді Валентина Матвиенко.

Жаңалықтар
0