НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазгидромет 6 мамырда бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде 3 градус, ал Көкшетауда топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде.
Павлодар облысында да түнде 1-6 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Оралда күндіз найзағай, желдің екпіні 18 м/с дейін барады.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ түседі, жел күшейеді. Түркістан қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Тағы оқыңыз: Түркістан облысында 7 ауылды су басу қаупі әлі жоғары – әкім
Шымкентте түнде және таңертең найзағай, дауыл болжанып отыр.
Сонымен қатар, 5-6 мамыр күндері Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Осыған байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Алматы облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Талдықорғанда да жел күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Атырау қаласында желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.