АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 72 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
"Нұр-Сұлтан қаласында – 17, Алматы қаласында – 17, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында – 9, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 10, Түркістан облысында 11 адамнан коронавирус табылды", – делінген ақпаратта.
Қазақстанда 4 121 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олар:
- Алматы қаласы – 1335;
- Нұр-Сұлтан қаласы – 723;
- Қызылорда облысы – 216;
- Шымкент қаласы – 215;
- Атырау облысы – 202;
- БҚО – 198;
- Ақтөбе облысы – 160;
- Қарағанды облысы – 159;
- Жамбыл облысы – 158;
- Алматы облысы – 156;
- Түркістан облысы – 154;
- Павлодар облысы – 150;
- Ақмола облысы – 101;
- Маңғыстау облысы – 84;
- Қостанай облысы – 50;
- СҚО – 30;
- ШҚО – 30.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 1 173 адам аурудан жазылды, 29 адам қайтыс болды.