Саясат

Саясаттанушылар Қазақстандағы ауыс-түйіске қатысты не ойлайды

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық және ресейлік саясаттанушылар еліміздегі кадрлық ауыс-түйістерге қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстандық және ресейлік саясаттанушылар Қазақстандағы үлкен кадрлық өзгерістерге, парламент сенаты төрағасының ауысуы мен президент әкімшілігіндегі нақты өзгерістерге түсініктеме берді.

Президент жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттілігі тоқтатылды. 4 мамырда жоғарғы палатаның депутаты болып президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Мәулен Әшімбаев тағайындалды. Осы күні-ақ, Әшімбаев сенат спикері болды. Оның орнына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ал ақпарат министрінің босаған орнына президенттің көмекшісі Аида Балаева отырды.

Тоқаев монополияны көрсетті

Саясаттанушы Талғат Қалиев Мәулен Әшімбаев пен Дәурен Абаевтың жаңа қызметке тағайындалуы кей сарапшылар мен авторы жасырын Telegram-арналардың эксклюзивті жаңалықтары үшін күтпеген жағдай болды деген пікір білдірді.

"Бұл соңғы кезде жаңалықтың дереккөзі дәстүрлі БАҚ болған алғашқы жағдай. Сыртқы елеусіз жағдайларды ескерсек, бұл маңызды принциптік мәнге ие", - деп жазды ол өзінің Telegram арнасында.

Қалиевтің айтуынша, президент Тоқаев нақты осы жағдайда ақпараттық бастамалар пен күн тәртібінде монополиялардың бақылауда екенін көрсетті.

"Ал қандай да бір ақпараттың тарап кетпеуі осы шешімдерді қабылдау процесіне аз адамның қатысқанын көрсетеді", - дейді саясаттанушы.

Қабылданған шешімдер елдің ішкі саяси ландшафтын сапалы өзгертуге және барлық басқару парадигмасындағы терең өзгерістерге серпін беруге қабілетті, деп түйіндеді Талғат Қалиев. Сонымен қатар жаңа тағайындалған адамдарға табыс тіледі.

Абаевтың жаңа қызметі – Тоқаев пен Назарбаевтың ымыраға келуі

Ал саясаттанушы Андрей Чеботарев елдегі төтенше жағдай режимі билік элитасындағы басқарушы күштердің тепе-теңдігін өзгерту үшін белсенді пайдаланылатынын атап өтті.

"Бір жағынан Мәулен Әшімбаевты сенатор етіп тағайындау және оның сенат төрағасы болып сайлануы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Кем дегенде, енді президентке парламенттің жоғарғы палатасының жұмысы үшін және заң шығару процесіндегі соңғы сөзге алаңдамауға болады", - деп жазды Чеботарев Facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаеваның орнына кім келгені белгілі болды 

Ол Дәурен Абаевтың жаңа қызметке тағайындалуын Ақорда мен "кітапхананың" ымыраға келуі деп бағалады. Саясаттанушының айтуынша, Абаев Елбасының ортасына жақынырақ адам.

"Дегенмен мемлекет басшысының бұл қадамы экс-министрді өз командасына шақыруды білдіруі мүмкін. Қалай болғанмен тепе-теңдікті орнату мақсатында президент өзінің көмекшісі Аида Балаеваны ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындады, бұл оның теңестіруге жасаған екінші қадамы", - деп атап өтті Андрей Чеботарев.

Ресейлік саясаттанушы Андрей Казанцев дүйсенбіде Қазақстанда кадрлық ауыс-түйістің екі нұсқасын атады. Бұл – саяси элитаның жаңаруы немесе биліктің жоғарғы эшелондары арасындағы қақтығыс. Оның пікірінше, қақтығыс коронавируспен, экономикалық дағдарыспен, мұнай бағасының құлдырауымен, сондай-ақ геосаяси жағдайлармен байланысты болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0