Қоғам

Тоқаев сенаттың бұрынғы және жаңа спикері туралы не ойлайтынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневКасым-Жомарт Токаев - президент Казахстана
Касым-Жомарт Токаев - президент Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Мәулен Әшімбаевтың түрлі салада жемісті жұмыс атқарғанын, оның кандидатурасы сенат төрағалығына лайықты екенін мәлімдеді   

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты таныстырып, оған қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Әшімбаев мемлекет қызметінің қыр-сырын жетік меңгергенін, ұзақ жыл түрлі салада жемісті және тиімді жұмыс атқарғанын атап өтті.

"Парламент жұмысын жақсы біледі. Әрдайым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, бұл қызметті абыроймен атқаратынына күмәнім жоқ. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын сенат төрағалығына лайықты деп санаймын", - деді Тоқаев сенаттың бүгінгі отырысында.

Осы орайда президент сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаеваның жұмысына да өз бағасын берді.

"Өздеріңізге мәлім, менің жарлығыммен сенат депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Ол Сенат төрағасы ретінде бір жылдан астам белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Сол үшін Дариға Нұрсұлтанқызына ризашылығымды білдірдім", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаеваның орнына кім келгені белгілі болды 

Айта кетейік, бүгін Мәулен Әшімбаев парламент сенатының депутаты болып тағайындалды. Артынша президент оның кандидатурасын спикер лауазымына ұсынды. Депутаттар оны бірауыздан мақұлдады.

Жаңалықтар
0