Саясат

Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев
Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар пандемияның таралуы кезінде халыққа көмек беру үшін дер кезінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь майдангерлері мен тыл ардагерлерінің фашистік агрессияға қарсы күрестегі көзсіз қайсарлығы мен ерен ерлігін атап өтіп, оларға мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

"Александр Лукашенко Қазақстан мен Беларусьтің ортақ Жеңіске жетуге зор үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ барша Қазақстан халқына шексіз алғысын жолдап, бақ-береке тіледі" - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Әңгімелесу барысында тараптар пандемияның таралуы кезінде халыққа көмек беру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін дер кезінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат алмасты.

Оқи отырыңыз: Коронавирус пандемиясы кезінде Тоқаевтың жұмыс кестесі қалай өзгерді? 

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтауға және Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық саласы бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар тараптар алдағы уақытта атқарылатын екіжақты іс-шаралардың кестесін және көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастықтың перспективаларын талқылады.  

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.

Жаңалықтар
0