НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Жедел штаб ұсынған деректерге сүйенсек, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 44 адамға көбейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 44 жағдай тіркелді. Олардың ішінде 12 адамда Батыс Қазақстан облысында анықталса, 8-і Нұр-Сұлтан қаласында, 7-і Ақтөбе облысында және 6-ы Алматы қаласында тіркелді. Бұдан басқа Қарағанды облысында 4, Атырау облысында 3, Жамбыл облысында 3 және Шымкент қаласында 1 адамның індет жұқтырғаны расталды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Қазақстан бойынша барлығы – 3 964.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 698;
- Алматы қаласы – 1291;
- Шымкент қаласы – 212;
- Ақмола облысы – 100;
- Ақтөбе облысы – 160;
- Алматы облысы – 149;
- Атырау облысы – 184;
- Шығыс Қазақстан облысы – 29;
- Жамбыл облысы – 152;
- Батыс Қазақстан облысы – 186;
- Қарағанды облысы – 159;
- Қостанай облысы – 50;
- Қызылорда облысы – 214;
- Маңғыстау облысы – 65;
- Павлодар облысы – 150;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
- Түркістан облысы – 135.
Айта кетейік, қазірге дейін Қазақстан бойнша аталған індеттен 1 084 науқас жазылып шықты. Ал 27 адам көз жұмды.