Қоғам

Қазақстандағы COVID-19: бір күнде екі адам көз жұмды

© AFP 2024 / ALBERTO PIZZOLIМедики в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медики в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус салдарынан көз жұмғандар саны 27-ге жеткенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирустан 27-ші адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Шымкентте Covid-19 инфекциясын жұқтырған бесінші науқас қайтыс болды.

"1942 жылы туған әйел Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні жедел-респираторлық вирустық инфекция, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметімен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынама алынып, COVID-19 диагнозы нақтыланды", - деді Шымкент қаласының денсаулық басқармасы.

Ол 29 сәуір күні жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Алайда бұған қарамастан, 3 мамыр күні, сағат 10:20-да қайтыс болды.

Сондай-ақ, елде коронавирус расталған тағы 36 жағдай тіркеліп отыр.

"Алматы қаласы - 7, Маңғыстау облысы - 2, Нұр-Сұлтан қаласы - 4, Атырау облысы - 2, Қарағанды облысы - 1, Шымкент қаласы - 5, Жамбыл облысы - 2, Түркістан облысы - 1, Шығыс Қазақстан облысы - 3, Батыс Қазақстан облысын 9 адам вирус жұқтырды", - деп жазылған ақпаратта.

Қазақстан бойынша барлығы - 3913. 1 056 адам дерттен жазылып шықты.

Жаңалықтар
0