Қоғам

Қазақстанда коронавирустан 26-шы адам қайтыс болды

© REUTERS / ATHIT PERAWONGMETHAМедики в палате интенсивной терапии в больнице коронавирусом
Медики в палате интенсивной терапии в больнице коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 877 адам анықталды, 995 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

"Қарағанды облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1958 жылы дүниеге келген", - делінген хабарламада. 

Қазақстанда қазіргі уақытта барлығы 26 адам коронавирус індетінен қайтыс болды.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 877 адамға жетті: 

  • Алматы қаласы – 1278,
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 686,
  • Қызылорда облысы – 214,
  • Шымкент қаласы – 206,
  • Атырау облысы – 175,
    БҚО – 164,
  • Қарағанды облысы – 154,
  • Ақтөбе облысы – 153,
  • Павлодар облысы – 150,
  • Алматы облысы – 149,
  • Жамбыл облысы – 146,
  • Түркістан облысы – 134,
  • Ақмола облысы – 100,
  • Маңғыстау облысы – 63,
  • Қостанай облысы – 50,
  • СҚО – 30,
  • ШҚО – 25.
Жаңалықтар
0