Қоғам

Нұр-Сұлтанда төрт подъезд карантинге жабылды

© Sputnik / Елена БережнаяПодъезд, где жила заразившаяся коронавирусом девушка, оцеплен в Петропавловске
Подъезд, где жила заразившаяся коронавирусом девушка, оцеплен в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындар екі аптаға созылатын карантин талаптарын сақтап, үйден шықпауы тиіс, подъезд жанында полицейлер кезекшілік атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда әртүрлі тұрғын үй кешендеріндегі төрт подъезд карантинге жабылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева хабарлады.  

"Екінші мамырда әртүрлі тұрғын үй кешендеріндегі төрт подъезд карантинге жабылды, оның ішінде "Номад" кешені бар. Тұрғындарға үйден шығуға болмайды, олар үй карантинінде болуы тиіс, бұл подъездерге басқа адамдарға келуге тыйым салынады", - деді Олжабаева.

Подъездерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, деп нақтылады ол.

Үйдің аумағы қоршауға алынған, подъездердің жанында полицейлер кезекшілік атқарады.

Подъездер карантинге қалалық бас санитар дәрігердің қаулысымен жабылады. Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды, деді әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында коронавирустан көз жұмған науқас ауруханада 19 күн жатқан

Қазіргі уақытта елордада 686 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, оның ішінде 268 адам дерттен сауықты. Үш адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0