Өңірлер

Қиындыққа тап болған Түркістан облысының фермерлеріне үкімет көмектеседі

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуРабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото
Рабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының фермерлерінен қырыққабатты басқа өңірлер сатып алады, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.  

Премьер-министр орынбасары Роман Склярдың жетекешілігімен өткен жиында өңірлердің әкімдіктеріне Түркістан облысындағы қырыққабатты жаппай сатып алу туралы тапсырма берілді.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен Түркістан облысының фермерлерінен ерте пісетін қырыққабатты сатып алады.

Бұдан бөлек, отырыс қорытындысы бойынша үкімет резервінен зардап шеккен фермерлерге екінші көктемгі егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге кредит бөлу туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысында 10-сәуірде басталған ерте пісетін қырыққабатты жинау науқаны мамыр бойы жалғасады. Фермерлер егістен 300 мың тонна көлемінде өнім алуды жоспарлап отыр.

Төтенше жағдай кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін өткізуде бірқатар проблемаға тап болды. Олар қырыққабатты ТМД елдеріне жөнелтуді жоспарлаған еді, алайда дүкендер мен базарлардың жабылуына байланысты өнімге деген сұраныс азайды. Осыған орай, премьер-министр Асқар Мамин зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетуді тапсырды.

Жаңалықтар
0