НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Алматыға Қытай миллиардері Джек Ма жіберген гуманитарлық көмектің екінші партиясы жеткізілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
"Джек Ма" және "Alibaba Group" қорлары 50 016 дана тест жүйесі мен 30 жасанды тыныс алдырту аппаратын жіберген.
Гуманитарлық жүкті бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды, ол көмекті медициналық мекемелер арасында таратады.
"ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметінің атынан "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, осыған дейін 10 сәуірде белгілі қытайлық кәсіпкер Қазақстанға 4,5 тоннадан астам медициналық құралдар (медициналық маска, қорғаныс костюмдер, медициналық қолғап, термометрлер) жіберген болатын.