НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 47 адам тіркелді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Оның ішінде Алматы қаласында – 10, Шымкент қаласында – 8, Павлодар облысында – 13, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Маңғыстау облысында – 6, Атырау облысында – 1", - делінген хабарламада.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 551 адам анықталды:
- Алматы қ. – 1140,
- Нұр-Сұлтан қ. – 650,
- Қызылорда облысы – 204,
- Шымкент қ. – 201,
- БҚО – 152,
- Қарағанды облысы – 151,
- Алматы облысы – 142,
- Атырау облысы – 140,
- Жамбыл облысы – 136,
- Павлодар облысы – 142,
- Түркістан облысы – 127,
- Ақтөбе облысы – 109,
- Ақмола облысы – 99,
- Қостанай облысы – 50,
- Маңғыстау облысы – 55,
- СҚО – 30,
- ШҚО – 23.
Коронавирус індетінен 866 адам жазылып шықты, 25 адам қайтыс болды.