Қоғам

Банктер мен валюта айырбастау пункттері 4 мамырдан бастап қалай жұмыс істейді

© Sputnik / Владислав ВодневҰлттық банк
Ұлттық банк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
4-10 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда екінші деңгейлі банктер таңғы тоғыздан кешкі беске дейін жұмыс істейді

АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 4 мамырдан бастап жұмысын бастайтын қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимін нақтылады.

4-10 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда екінші деңгейлі банктер, сақтандыру ұйымдары, микроқаржы ұйымдары сағат таңғы тоғыздан кешкі беске дейін жұмыс істейді.

Қаржы нарығының субъектілері қызмет көрсететін филиалар мен бөлімдерді өздері таңдайды.

Аталған субъектілердің жұмыс орнындағы қызметкерлерінің саны жалпы штат санының 50%-інен аспауы қажет.

Айырбастау пункттері мен ломбардтар 4 мамырдан бастап 10 мамырға дейін Қазақстанның барлық аймағында сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Қазақстан қор биржасы 09.00-ден 15.00-ге дейін сауда-саттық жасайды, ал есеп айырысу сағат таңғы тоғыздан кешкі беске дейін жүргізіледі.

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі келесі аптадан бастап сағат 9-дан бастап 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қаржы нарығы субъектілерінің басшылары санитарлық қорғау шараларының (медициналық маска, қолғап, санитайзерлердің болуы, ғимаратты дезинфекциялау) сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Айта кетейік, республикада төтенше жағдай режимі 11мамырға дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0