НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен азық-түлік экспортына қойылған шектеу 30 маусымда алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Армения халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн-конференцияда Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян мәлімдеді.
"ЕАЭО-дан азық-түлік экспорттауға шектеу 30 маусымнан кейін ұзартылуы екіталай", - деді министр.
Оның айтуынша, қазір ЕАЭО қосымша қор құрғысы келетіндіктен, кейбір азық-түлік өнімдеріне шектеу қойып отыр.
Оқи отырыңыз: Коронавирустың салдарынан ЕАЭО өзара саудасы төрттен бір есеге төмендейді
Қарақұмық жармасы, күріш, ұн, пияз, сарымсақ, кейбір жемістер мен көкөністер, сондай-ақ консервілерді шығару шектелген.
"Қазір ЕАЭО елдерінің экспорттаушылары үшін көптеген азық-түлік тауарына сұраныс ұсыныстан асып түсуі мүмкін үшінші елдердің нарығында орнығып алуға жақсы мүмкіндіктер жасалып жатыр", - деді министр.
Болашақта ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігінің біртұтас тұжырымдамасы талқыланады, елдер бір-бірінің азық-түлік қажеттіліктерін толықтыру мәселесін қарастырады.
Мұндай шешім егер Арменияда немесе Қырғызстанда жүзім болса, оны Ресейде немесе Беларусте өсірмеуге, ал Ресейде немесе Беларусте қант қызылшасы болса, оны Арменияда өсірмеуге мүмкіндік береді.