Қоғам

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин өзінің арманы туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинЧрезвычайный и полномочный посол России в Казахстане Алексей Бородавкин
Чрезвычайный и полномочный посол России в Казахстане Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Қазақстандағы елшісі төтенше жағдай кезінде көп оқып, спортпен шұғылданып, соғыс туралы фильмдер көріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстанға бос уақытын карантинде қалай өткізетінін айтып берді.

"Бос уақытым көбейді деп айта алмаймын, сондықтан не істейтінім туралы ойланбаймын. Сақал-мұрт өсіруді жөн көрдім. Одан басқа, ескі әуестігім өзгере қоймады: спортпен айналысып, кітап оқимын, фильм көремін, музыка тыңдаймын. Үйде жаттығу жасап жүрмін", - деді дипломатиялық миссияның басшысы.

Алексей Бородавкин қазіргі заманғы орыс жазушыларының шығармаларын көп оқиды екен.

"Сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған көркем фильмдер мен деректі фильмдерді жіберіп алмауға тырысамын", - деп атап өтті ол.

Елші Ұлы Отан соғысы туралы бірлескен Қазақстан-Ресей сериалын көруді армандап жүргенін жасырмады.

"Мен Ресей және Қазақстан кинематографистерінің Владимир Богомоловтың  "Момент истины (В августе сорок четвертого…)" романы негізінде 10-12 бөлімнен тұратын көп бөлімді фильм түсіргенін көргім келеді. Бұл шығарма желісімен екі бөлімнен тұратын жақсы фильм шыққанын білемін, алайда экрандау мәтінге жақын, мүмкіндігінше егжей-тегжейлі баяндалғанын қалаймын", - деді Бородавкин.   

Ол кітаптың керемет екенін және сериалға арқау етуге лайық екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Медведевпен не туралы сөйлесті? 

"Осы мүмкіндікті пайдаланып, Sputnik Қазақстанның барлық оқырманын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін", - деп түйіндеді Алексей Бородавкин.

Жаңалықтар
0