Қоғам

"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

© REUTERS / NIAID-RMLВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом  клетку под микроскопом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бас санитар дәрігер карантин аяқталғаннан кейін де дезинфекциялық шаралар жалғаса беретінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусына үйрену керектігін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір маңызды бір нәрсені түсінуіміз керек. Карантинді алып тастаса да, коронавирус ешқайда кетпейді, енді біз онымен бірге өмір сүретін боламыз. Бұл індет маусымдық аурулардың қатарына өтеді", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте. 

Осы орайда бас санитар дәрігер 2009 жылы шыққан құс тұмауын мысалға келтірді. Ол вирус тамыз айында шыққан. Әлі күнге дейін ауада тарап жүр. 

"Коронавирус та солай болады. Сондықтан біз оған үйренуіміз керек. Онымен бірге өмір сүруге үйренуіміз керек. Бұл дегеніміз, әрбір адам күнделікті өмірде сақтану шараларына ден қоюы қажет, ал бизнес нысандары үнемі санитарлық нормаларды орындауы тиіс", - деп атап көрсетті Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, карантин аяқталғаннан кейін дезинфекциялық шаралар жалғаса береді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда 3 078 адамда вирус расталды. Ең көп науқас Алматы (926) мен астанада (612) тіркелді. 774 адам жазылып шықты. 25 адам індеттен көз жұмды.

Жаңалықтар
0