Қоғам

Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?

© Sputnik / Тимур БатыршинСотрудники аэропорта Алматы под крылом самолета
Сотрудники аэропорта Алматы под крылом самолета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 мамырдан бастап астана мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Жолаушылар ұшақта міндетті түрде маска тағып және араға бір орындық қалдырып отыруы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Коронавирус табылмағаны туралы анықтама әуе жолаушыларынан карантин аяқталғаннан кейін де сұралады. Бұл туралы Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әуе жолаушылары ұсынатын анықтама әлі ұзақ уақыт, тіпті карантин алынғаннан кейін де қажет болады. Өйткені бізде жағдай әлі тұрақталған жоқ. Мониторинг нәтижесі бойынша, егер жолаушылар мен экипаж арасында ауру тіркелмесе, біз талаптарды, соның ішінде анықтаманың болуын, қайта қараймыз", - деді Байғабылов онлайн брифингте. 

Ол анықтаманы жекеменшік және мемлекеттік зертханалардан алуға болатынын айтты. Жекеменшік зертханаларда тесті 19-20 мың теңгеге, ал мемлекеттік орталықтарда 11 500 теңгеге тапсыруға болады. 

Айта кетсек, бірінші мамырдан бастап астана мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Ұшақ бортына коронавирус табылмағаны туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Сонымен қатар, олар міндетті түрде маска тағып және араға бір орындық қалдырып отыруы тиіс.

Жаңалықтар
0