Қоғам

Жемқорлықпен күресушілер арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі депутаттардың жауапкершілікті күшейту туралы ұсынысын қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының қызметкерлері арандатушылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына осындай өзгерістер енгізген.

Құжатты талқылау барысында депутат Василий Олейник жемқорлықпен күрес қызметкерлерінің жауапкершілігіне тоқталды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері арасында арандатушылық немесе өзге де заңсыз әрекеттерге қатысы бар адамдар бар. Өкінішке қарай, қолданыстағы заңнамада арандатушылық үшін ешқандай жауапкершілік белгіленбеген", - деді Олейник төменгі палата отырысында.

Осыған байланысты, оның айтуынша, депутаттар құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін арандатушылық үшін қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін түзету енгізген. 

Оқи отырыңыз: Мәжіліс президенттің өкілеттігін кеңейтетін құжатты мақұлдады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі депутаттардың жауапкершілікті күшейту туралы ұсынысын қолдады.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов өзгерістер екінші оқылымға дейін пысықталатынын жеткізді.

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жаңалықтар
0