Әлем

Ауғанстанның солтүстігінде содырлар белсенділігі артып келеді

© AP Photo / Rahmat GulВоеннослужащий армии Афганистана на месте теракта, совершенного в военной академии в Кабуле
Военнослужащий армии Афганистана на месте теракта, совершенного в военной академии в Кабуле - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қиын жағдайға байланысты Ауғанстан президенті Ашраф Ғани ұсынған өзара атысты тоқтату туралы келісімін "Талибан" қозғалысының өкілдері орынсыз деп таныды

Ауғанстанның солтүстігінде тұрақсыздық қысымы күшейіп келеді. Тәлібтер Орталық Азияның шектес елдеріне әлі бармаса да, Тәжікстаннан келген содырлар ауған жерінде тұрып, "Талибан" жасақтарымен бірге жұмыс істеуде, деп жазады әскери шолушы Александр Хроленко.

Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің солтүстігінде тәжікстандық содырлардың күшейгенін айтуда. Өткен аптада Рагистан аймағынан 15-тен астам адамнан тұратын тәжікстандық қарулы топ Куф-Аб уезінің үкіметшіл күштеріне шабуыл жасады. Кейін отряд Рагистан уезіне қайта оралған.

Аты аңызға айналған Қара майор  Борис Керімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Аты аңызға айналған Қара майор өмірден озды
Орталық Азия республикаларынан шыққан лаңкестік топтар Ауғанстанның Вардудж, Рагистан, Ямган, Джурм, Дарайым, Яфтал және басқа да аудандарда бар және белгілі бір аумақтарды толығымен бақылайды. Тәжікстанмен шекаралас Нусай уезінде содырлар 16 елді мекеннің 15-ін бақылайды. Шетелдік топтар, әдетте тәлібтермен бірге әрекет етіп, ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылады.

Бұған дейін Бадахшан билігі тәжік пен өзбектің "Ансарулла" және "Харкат-и-Ислами" тобының көмегімен "Әл-Каида" террористік ұйымының аймақтағы әскери қатысуын күшейту әрекеттері туралы мәлімдеген болатын. Осындай ынтымақтастық әрекеттер ауған ақиқатының шектес елдер аумағына экспортталу мүмкіндігін едәуір арттыратыны сөзсіз.

Бүгінде Ауғанстан ислам республикасының барлық провинцияларында соғыс қимылдары тұрақты жалғасуда. 26 сәуірде Логар провинциясында (Кабулдан 30 шақырым жерде орналасқан) "Талибан" шабуылынан ауған қауіпсіздік күштерінің алты қызметкері қаза тауып, төртеуі тұтқынға алынды. Кала-и-Нау (Бадгис провинциясы) қаласы жанындағы үкіметтік бекетте 24 сәуір күні "Талибан" шабуылының салдарынан 13 милиционер өлтіріліп, тағы он адам із-түзсіз жоғалды. Жалпы, өткен аптада ауған қауіпсіздік күштерінің 100-ге жуық қызметкері қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Бұған дейін Балх пен Тахардың солтүстік провинциясында тәлібтермен болған екі қарулы қақтығыстан қоғамдық қауіпсіздік күштерінің 30-ға жуық мүшесі мен бес жергілікті тұрғын және бір бала көз жұмған. Ал 24 сәуірде осындай қиын жағдайға байланысты Ауғанстан президенті Ашраф Ғани ұсынған өзара атысты тоқтату туралы келісімін "Талибан" қозғалысының өкілдері орынсыз деп таныды.

Тәлібтердің талабы

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың "Талибанмен" бекіткен бейбіт келісіміндегі ауғанаралық диалогының маңызды ережелерінің бірі – үкімет күштерінің тұтқындары мен тұтқындалған әскери қызметшілерін босату болып табылады. Оның ішінде содырлар бірнеше есе көп. Бірінші кезеңде Кабул 5 мың тәлібті босатуы керек, ал оның орнына 1 500 сарбаз бен полицейді алады. Мұнда өзіндік басымдықтар мен орындалмайтын шарттар бар.

Современный Кабул - Sputnik Қазақстан
АҚШ әскерінің шығарылуы және Кабулдағы атыс: Ауғанстанның тағдыры не болмақ
"Талибан" өз кезегінде ең алдымен 15 қандықол бандитінің босатылуын талап етеді. Олардың арасындағы Лайлуддин Гулбеддиннің бір өзі – Кабулдегі ірі лаңкестік терактілерге қатысып, 2017 жылы Германия елшілігі мен Ауғанстан сенаты вице-спикері Мұхаммад Изидярдың ұлын жерлеу рәсімінде және Ауғанстанның америкалық университетінде (AUAF) жарылыс ұйымдастырып, шабуыл жасаған. Гүлбеддиннің қатысуымен болған әрбір террорлық шабуылда ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланды. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, Ауғанстан үкіметінің мұндай қылмыскерлерді, тіпті Вашингтонның қысымымен болса да босатуға өкілеттігі жоқ.

Жоғарыдағыдай келісім нәтижесінде, Кабул 400-ге жуық тұтқынды босатты және олардың бәрі де "тәліб" ретінде танылған жоқ. Ал "Талибан" қозғалысы 60 тұтқынды босатты (1 мыңнан), оның ішінде 19 адам қауіпсіздік қызметкері ретінде танылды. Әлі де келіссөздер мен әскери операциялар, шерулер мен өлім жазалары жалғасуда. Кабулда қос биліктің қалыптасуы елдегі әскери-саяси дағдарысты тереңдетеді, мемлекеттік биліктің әлсіреуіне және "Талибан" мен басқа да террористік ұйымдардың күшеюіне ықпал етеді.

Ресей ұстанымы

Көршілес Ауғанстанда тұрақсыздық сақталып, террористік және есірткі қаупінің артуы Ресей мен оның Орталық Азиядағы одақтастарының стратегиялық мүдделеріне жауап бермейді. Мәскеу Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның шекаралары мен әскери қауіпсіздігін нығайтуға күш салуды жалғастыруда. ҰҚШҰ құрылымының дамуы, әскери-техникалық ынтымақтастық пен бірлескен әскери іс-қимылдар аймақтық тұрақтылықты нығайтады.

Американцы покидают Афганистан - Sputnik Қазақстан
Ауғанстан жағдайы: тараптар татуласып, мәмілеге келе ме
Сонымен қатар, Ресей Ауғанстандағы бітімсіз қарсыластарды қалпына келтіруге көп күш жұмсады. Шындығында, Ауғанстанның жанжалдан кейінгі құрылымына алғашқы қадам 2019 жылы 5-6 ақпанда Мәскеуде "Ауғанстанаралық диалог" форматында жасалды. 29 ақпанда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге балама болмайтынын және Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу үшін Мәскеу консультациялар форматының маңыздылығын мәлімдеді. Тап осы күні Катарда АҚШ пен "Талибан" арасында бітімгершілік келісімге қол қойылғанын тарихтан сызып тастай алмаймыз.

Мәскеудің батыстағы серіктестері кейде Орталық Азияның сыртқы саясатын "орыстар Ауғанстанға оралды" деген тақырыппен жеңілдетеді. Әрине, мұндай бағалау шындықтан алыс. Соған қарамастан Ресей Ауғанстандағы дағдарысты жеңгеннен кейін Мәскеу мен Кабул арасындағы ынтымақтастық көптеген салаларда күшейеді деп үміттенеді.

Ресей аймақтық тұрақтылықты нығайту үшін, соның ішінде ресейлік қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуде ауған әріптестерінің сұраныстарын сындарлы қарауға дайын. Сонымен қатар Ауғанстанның қауіпсіздігі мен мемлекеттік егемендігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Болашақта нақты мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізіп, "ойын ережелерін" қатаң сақтаған кезде Ресей, бір жағынан оның аймақтық одақтастары, екінші жағынан Ауғанстан арасындағы стратегиялық серіктестік мүмкін болады. Алайда, бұл жүйеде террористік топтардың үйлесімдік рөлі төмендейді.

Жаңалықтар
0