Әлем

Жарқанат вирустың таралуына әсер ете алмайды – маман пікірі

Жазылу
COVID–19-ға ұқсайтын вирус жарқанаттардан табылғаны айтылғанымен, олардың өзара ұқсастығы дәлелденбеген

АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Мәскеу мемлекеттік университетінің қызметкері, биолог, жарқанаттар бойынша маман Сергей Крускоп коронавирус жарқанаттан тарады деген болжамға күмәнмен қарайды. Оның ойынша, жарқанат әлемде вирустың таралуына әсер ете алмайды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қазіргі инфекцияның жарқанатпен байланысы – бұл іс жүзінде кепілдендірілген жалған ақпарат және олардан (жарқанаттан – Sputnik) таралып жатпағаны анық", – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жарқанаттың қаупі олардың үлкен шоғыры пайда болған жағдайда ғана туындайды.

"Вирус адамнан адамға берілетіні белгілі. Ал жарқанаттардың үлкен шоғыры пайда болған кезде ғана қауіп тудырады. Алайда, таулы аймақтардан бөлек жерлерде жарқанаттардың шоғыры болмайды. Олардың ең үлкен шоғыры оншақты немесе жүз-жүз елу болуы мүмкін, бірақ оның өзі сирек кездеседі. Мен өмірімде жүздеген жарқанаттың шоғырын көрген емеспін", – деді Крускоп.

Ол COVID–19-ға ұқсайтын вирустың жарқанаттардан табылғанын, алайда екі вирустың ұқсастығы дәлелденбегенін алға тартады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты ең алғаш кім жұқтырғаны белгілі болды

Айта кетейік, бұған дейін Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавирустың алғашқы шығу көзін анықтау мүмкін емес екенін айтқан болатын. "Вирус – жердегі көне биологиялық агенттер", – деді ол.

Ал Австралияның сыртқы істер министрі Марис Пейн коронавирус пандемиясының басталу себептеріне жаһандық тексеру жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

АҚШ сенатының ішкі қауіпсіздік және үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Рон Джонсон коронавирустың пайда болу және таралу себептерін, сонымен қатар Қытай мен ДДҰ-ның рөлін анықтау үшін ауқымды тергеуді бастайтынын хабарлады.

Жаңалықтар
0