Қоғам

ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады

© AP Photo / Dieu Nalio CheryКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда синтетикалық есірткі сататын ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Алматы аумағында синтетикалық есірткі сататын топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Есірткі сатушы 16 сәуірде ұсталған. ҰҚК Алматы қаласының тұрғынын 300 грамм синтетикалық есірткі сатып жатқан жерінен ұстады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК (@knbgovkz)

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақшаларына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Комитет соңғы уақытта Алматы қаласының аумағында синтетикалық есірткіні жасырын қолдан жасау және өткізу деректері көбейгенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады

Атап айтқанда, синтетикалық есірткі айналымының 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 9 келіден астам психотроптық зат пен 986 литр химиялық қоспа алды. Үш жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды.

Есірткі бизнесімен айналысқан 13 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды.

Жаңалықтар
0