Өңірлер

Алматыда қай уақыт аралығында далаға шығуға болатыны айтылды

© Sputnik / Sergey Mamontov / Медиабанкке өтуДетская игровая площадка по улице Новаторов в Москве
Детская игровая площадка по улице Новаторов в Москве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар алаңына шыққан кезде физикалық байланыс болмауы тиіс. Демек, футбол, баскетбол секілді ойындарды ойнауға болмайды  

АЛМАТЫ, 28 сәуір –Sputnik. Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар ата-аналары немесе ересектердің бақылауымен ғана демалыс алаңдарына шыға алады. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Оқи отырыңыз: Алматылықтар облыста орналасқан саяжайларына бара алады 

"Алматы қаласында таңғы сағат бестен кешкі тоғызға дейін балалар және демалыс алаңдарына шығуға болады. Біздің арнайы талаптарымыз бар. Балалар және демалыс алаңдарына, аулаларға күнделікті дезинфекция жасалуы қажет. Мұны пәтер иелері кооперативі мен сол үйлердің иелері жасайды", - деді Бекшин.

Сонымен қатар аулаға шыққан кезде тұрғындар медициналық маска тағып, антисептик пайдалануы қажет.

"14 жасқа дейінгі балалар ата-анасының, ересектердің бақылауымен ғана далаға шыға алады. Үш адамнан артық жиналуға болмайды. Адамдар арасында екі метр қашықтық сақталуы керек ",- деді ол.

Сонымен қатар алаңға шыққан кезде физикалық байланыс болмауы тиіс. Демек, футбол, баскетбол секілді ойындарды ойнауға болмайды.  

Қаланың бас санитар дәрігері жеке гигиенаны сақтап, үйге кіргеннен кейін қолды сабындап жуу керек екенін тағы бір рет ескертті.

Жаңалықтар
0