Спорт

Токио Олимпиадасы 2021 жылы да өтпей қалуы мүмкін

© Photo : Сайт НОК КазахстанаОлимпийские кольца на флаге
Олимпийские кольца на флаге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жапонияда жағдай жақсарғанымен инфекция әлемде тарала беретін болса, Олимпиада өткізу оңай болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Токиода өтетін 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылғаны белгілі. Егер коронавирустың таралуы жалғаса түссе, бұл шара одан кейінге қалдырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы "Токио – 2020" ұйымдастыру комитетінің төрағасы Йоширо Мори мәлімдеді.

"Бұрын Олимпиада тек соғыстың кесірінен тоқтатылды. Ал бұл жолы көрінбейтін жауға қарсы күресіп жатырмыз. Егер әлем вирусты жеңіп, Олимпиада өткізілсе, онда бұл алдыңғы Олимпиада ойындарынан бірнеше есе құнды болатын жарыс болмақ", – деді комитет төрағасы.

Мұндай пікірді жапон дәрігерлер қауымдастығының басшысы Йошитакэ Йококура да айтады.

"Егер тиімді вакцина жасалмаса, онда Олимпиада ойындары қиын болуы мүмкін. Біз коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі-дәрмектерді тезірек әзірлеуге шақырамыз. Жапонияда жағдай жақсарғанымен инфекция әлемде тарала беретін болса, Ойындарды өткізу оңай болмайды", – деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: "Оңай емес": танымал қазақстандық спортшылар Олимпиадаға қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының кейінге қалдырылуы Олимпиада тарихындағы жаңа әрі алғашқы оқиға болды. Мәселен, бұған дейін Берлиндегі 1916 жылғы Олимпиада, 1940 жылғы Токиодағы ойындар мен 1944 жылғы Лондон Олимпиадасы әскери қақтығыстарға байланысты болған жоқ. Ал 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиада ойындары лаңкестікке байланысты тоқтатылып, кейіннен соңына дейін жалғасын тапқан.

Жаңалықтар
0