Қоғам

42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
27 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды

АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстан төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 4 млн 251 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл жайында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

"27 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды. 3 млн 731 мың төлем бірінші айда жасалды, 520 мың төлем екінші айда тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Ең көп өтініш Алматы облысының тұрғындарынан түскен. Жалпы саны - 1 млн 45 мың.

Түркістан облысынан – 999,5 мың өтініш, Алматы қаласынан – 896,6 мың, Нұр-Сұлтан қаласынан – 594,5 мың, Шымкент қаласынан 534,5 мың адам өтініш берген.

Соған сәйкес, өңірлер бойынша ең көп жәрдемақы Алматы облысы тұрғындарына тағайындалды. Бұл өңірдің 620,5 мың тұрғыны әлеуметтік төлем алды. Үштікке Түркістан облысы (508,5 мың) мен Алматы қаласы (412,1 мың) кірді.

Әлеуметтік төлем алуға берілген өтініш бойынша 3 млн 672 мың адамға 42 500 теңге тағайындалған жоқ. 

Төлем тағайындалмауының негізгі себептері мынадай:

  • өтініш берушінің жеке деректерінің дұрыс көрсетілмеуі;
  • банк шот нөмірінің дұрыс көрсетілмеуі;
  • өтініш берушіде тұрақты жалақысының болуы (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);
  • өтініш берушінің төтенше жағдай енгізілгенге дейін ресми жұмыс жасамаған зейнетақы мен жәрдемақы алушы болуы;
  • өтініш беруші үшін төтенше жағдай режимін енгізгенге дейін соңғы 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік аударымдардың, зейнетақы жарналарының жүргізілмеуі, БЖТ төлемеу немесе бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтініш бергенге дейін БЖТ төлемеуі;
  • өтініш берушінің қайтыс болуы немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және  https://t.me/Help42500Bot адресі бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады. Өтініштің қаралу мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында тексеруге болады.

Қосымша қарауды талап ететін ерекше жағдайларда азаматтар 42500@enbek.kz, 42500@gfss.kz электронды поштасына жазбаша өтініш бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы қағидаларға сәйкес төтенше жағдай кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда бір адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 42 500 теңге мөлшерінде беріледі.

Жаңалықтар
0