НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі COVID-19 індетіне байланысты мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметке сәйкес Қазақстанда 2717 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, оның 25-і қайтыс болды. Сондай-ақ, 682 адам жазылып шықты.
Оқи отырыңыз: Елдердің бірі әлемде алғаш болып эпидемияны жеңгенін жариялады
16 наурыздан 1 мамырға дейін республикада төтенше жағдай режимі енгізілді. Осы аптада ел билігі төтенше жағдай туралы қосымша шешім қабылдайды деп болжануда.
Сондай-ақ, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли осы аптада мемлекет басшысы қазақстандықтарға теледидар арқылы үндеу жасайтынын хабарлады.