Оқиға

Желіде тарап кеткен атышулы видеодағы ер адам ұсталды - тергеу басталды

© Photo : LukasМужчина показывает кулак
Мужчина показывает кулак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ауруханалардың бірінде түсірілген видео желіде тарап, қызу талқыланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір— Sputnik. Түркістан облысында ауруханалардың біріндегі медицина қызметкерлеріне қоқын-лоқы көрсеткен ер адам ұсталды. 

Видео жуырда әлеуметтік желіде жарияланған болатын. 

Бұл факт Мақтыарал ауданындағы полиция бөлімінде бірыңғай тізімге енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Ер адам төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлеріне тіл тигізген. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылды. 

Бұл бап бойынша бес айлық есептік көрсеткіш (13 мың теңгеден астам) көлеміндегі айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. 

Тағы оқыңыз: Алматыда желіні шулатқан үш ер адам ұсталды – видео

Аудандық сот ер адамды бес тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады.

 

Жаңалықтар
0