Әлем

Ким Чен Ын тірі ме? Корей қауымдастығының басшысы түрлі қауесеттерге жауап берді

© AFP 2024 / ED JONESЛидер КНДР Ким Чен Ын
Лидер КНДР Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
КХДР басшысының шенеуніктері оның жағдайы туралы БАҚ беттеріндегі хабарларға ресми түрде әлі жауап берген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Испан белсендісі, Корея достық қауымдастығының жетекшісі Алехандро Као де Бенос КХДР басшысының денсаулығына байланысты қауесеттерге түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қауымдастық жетекшісінің Ким Чен Ынның ауыр жағдайы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы пікірін РИА Новости жариялады.

"Біздің көшбасшымыз Ким Чен Ынның денсаулығы туралы ақпарат жалған. Алаңдаушылық танытқандарыңыз үшін рахмет айта отырып, журналистерден сенсация қумай, ақпарат көздерін тексеріп алуды өтінемін", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Корея басшысының операциядан кейін қайтыс болуы мүмкін деген ақпарат жарияланған болатын.

Белсенді Као де Бенос өзін КХДР-дің сыртқы мәдени байланыстар жөніндегі арнайы өкілі деп атайды. Сонымен қатар, ол Солтүстік Кореяның саяси бағытын қолдайды және осы кезге дейін Корей достық қауымдастығының сайтын іске қосты. Оның КХДР-да жиі болатыны белгілі.

Ким Чен Ын белсенді қызмет атқаруда

Бүгін таңертең КХДР мемлекеттік радиосы "жолдас Ким Чен Ын Самчжиён қаласын құруға шын жүректен көмектескен жұмысшылар мен қызметкерлерге алғысын айтты" деп хабарлады. Ал қала құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталған.

Ал бейсенбі, 23 сәуір күні КОТА агенттігі (Кореяның орталық телеграф агенттігі) Ресей коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов Ким Чен Ынға Солтүстік Корея лидерінің Ресейге сапарының мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан КХДР-сын ядролық мақсаттардан толық бас тартуға шақырды

Қазірше КХДР мемлекеттік кеңесі төрағасының қоғамдық іс-шараларға қатысуы немесе оның ел бойынша сапарлары туралы жаңа мәліметтер жоқ. Көшбасшының әуе күштері полкін тексеру барысында түсірілген соңғы фотосы КОТА агенттігінің веб-сайтында 12 сәуірде жарияланды.

Оңтүстік Кореяның Daily NK компаниясы Ким Чен Ынның жүрек-қан тамырлары жүйесіне байланысты операциядан кейін емделіп жатқандығы туралы хабарлағаннан кейін, КХДР басшысының денсаулығы нашар деген пікірлер бірқатар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарала бастады.

Жаңалықтар
0