Өңірлер

Шығыс Қазақстанда орман өртінің ауқымы 2,5 мың гектарға жетті

© Photo : КЧС МВД РКЛесной пожар в "Семей Орманы"
Лесной пожар в Семей Орманы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Семей орманы" резерваты аумағындағы өрт екінші тәулікке созылды, оны 400-ден астам өрт сөндіруші сөндіріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда "Семей Ормана" резерваты аумағындағы өрттің ауқымы екі жарым мың гектарға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстанның төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

"Жалынның аумағы шамамен 2500 гектарға жуықтайды. Өртенген орман-дала массивінің ішіндегі жеке ошақтар сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

Сондай-ақ, құтқарушылар таңертең аумақты аралап ұшып шықты. Өртті сөндіруге облыстың ТЖД, "Семей орманы", "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарының және Ұлттық ұланның 400-ден астам қызметкері мен 100-ден астам техникасы жұмылдырылған.

"Казавиақұтқару" АҚ-ның Ми-26Т және "Қазавиаорманқорғаудың" Ми-8 тікұшақтары өрт ошақтарына су шашып жатыр.  

Еске салайық, 23 сәуірде сағат 15: 00-де "Семей Ормана" резерватына қарасты "Байдәулет" орман шаруашылығы аумағынан өрт шықты.

Жаңалықтар
0