Қоғам

Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 

© Sputnik / Владислав ВодневСилуэты людей на фоне флага Казахстана
Силуэты людей на фоне флага Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы осы дағдарыстың тиімді тұстарын пайдалануға мән беру керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Дағдарыс жағдайында елді басқаруға нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс істейтін менеджерлерді тарту қажет. Қауіпсіздік кеңесінің бүгінгі отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлады Елбасының ресми сайты

"Қазақстанға тұтас бір корпорация ретінде қарайтын кез келді. Оны стратегиялық жағынан да, операциялық жағынан да, нақты жоспар бойынша бір орталықтан басқару қажет. Ауыл әкімінен бастап үкімет мүшесіне дейінгі барлық мемлекеттік басқарушылар өз жұмысын қайта қарап, нақты нәтижеге жеткізуге тырысуы шарт. Елге экономиканы қалпына келтіру, жұмыссыздықты азайту, халықты азық-түлікпен және тағы басқа қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдай алатын батыл менеджерлер керек", - дейді Назарбаев.

Елбасының ойынша, биылғы дағдарыстан кейін елдің даму болашағын дұрыс болжап, тиісті шараларды тезірек қолға алған жөн. Ол сол кезде қиындықтан аман шыға аламыз деп отыр. Дағдарыстың тиімді тұстарын да пайдалануымыз қажет.

"Осы дағдарысты да жеңетінімізге сенімдімін. Әкімдер мен министрлерге жеке жауапкершілік жүктелген. Үкімет барлық бағдарлама мен дағдарысқа қарсы шараның тиімді іске асуын бақылауы қажет. Халыққа айтарым, қолға алынып жатқан шараларды қолдап, бірлік, ынтымақ пен тәртіпті көрсетіңіздер. Бұның барлығы қазақстандықтар үшін жасалып жатыр", - деп атап көрсетті Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

Жаңалықтар
0