Әлем

АҚШ Ресейді ядролық технологиялар нарығынан ығыстыра ала ма – сарапшы пікірі

© РИА НовостиЯдерное топливо
Ядерное  топливо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ Ресей мен Қытайды ядролық технологиялар нарығынан ығыстырып, осы салада әлемдік көшбасшы болғысы келеді

Sputnik радиосының эфирінде әскери саясаттанушы Андрей Кошкин Вашингтонның жоспары қаншалықты жүзеге асатындығына қатысты пікір білдірді.

АҚШ энергетика министрлігі Ресей мен Қытайды ядролық технологиялар нарығынан ығыстыруды мақсат ететін жаңа стратегиясын жариялады. Ведомство сайтында АҚШ осы саладағы әлемдік көшбасшыға айналуы тиіс деп айтылған.

"Сайып келгенде, АҚШ үкіметі Ресей мен Қытайдың мемлекеттік компаниялары басқаратын нарықтарға шығады және ядролық энергетика саласындағы озық технологиялар мен оларды таратпаудың қатаң стандарттарын экспорттаушы көшбасшы ретінде біздің орнымызды қалпына келтіреді", – делінген президент Дональд Трамптың қарауына жіберілген құжатта.

Энергетика министрлігінің жоспары бойынша Ресей мен Қытайға "бірқатар шығысеуропалық және африкалық мемлекеттермен" берік байланыс орнатуына жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар, АҚШ-тың ядролық реттеу комиссиясына "ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қытайда өндірілген ядролық отынды импорттаудан бас тарту" өкілеттігін беру ұсынылады.

Пуск баллистической ракеты «Синева» с борта РПКСН «Верхотурье» - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ресей мен АҚШ жаңа ресейлік қаруды қашан талқылайды
РИА Новости бұл "Росатом" ТВЭЛ мемлекеттік корпорациясының жанармай компаниясына қатысты болуы мүмкін деп атайды. Өйткені, 2016 жылы ТВЭЛ америкалық АЭС операторларының бірімен өзінің "ТВС-Квадрат" ядролық отынын тәжірибелік-өндірісте пайдалану туралы алғашқы келісімшартты бекітті.

Плеханов атындағы РЭУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, әскери саясаттанушы Андрей Кошкин Sputnik радиосының эфирінде АҚШ энергетика министрлігінің ұстанымын былайша түсіндіреді.

"АҚШ бүгінде планетада көшбасшы болу идеясы үшін барлығын жасайды. Олар Ресей мен Қытайды ядролық технологиялар саласында ыдыратуға тырысуда. Алайда мұндай мәлімдемелер бүгінде шындыққа жанаспайтынын түсіну керек. АҚШ мүмкіндіктерінен айырылуда және барлық жерде бірінші бола алмайды. Біз мұны коронавируспен күрес нәтижелерінен де көріп отырмыз. Яғни, АҚШ басқа мемлекеттерге үлгі емес. Басқа салаларда да олардың  бастамалары шатқаяқтап жатыр. Ресей де, Қытай да жоғары технологиялы саланы сәтті меңгеруде, ал АҚШ-тың оларды қуып жетуі екіталай. Мұндай стратегияларды жазған АҚШ бір кездері бірполюсті әлемде болғанын еске түсіруге бағытталған үгіт-насихат әрекеттерін тоқтатады. Бүгінде бұл үлгі құлдырауда", – дейді Андрей Кошкин.

Жаңалықтар
0