АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. 2020 жылдың соңына дейін еліміздің барлық облыс орталығындағы зейнеткерлер мен мемлекеттен әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік ID-карта алады. Бұл жайында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев хабарлады.
Әлеуметтік карта деген не?
Бұл жоба алғаш Ақтөбеде жергілікті әкімдік пен Қазпоштаның қатысуымен іске қосылды.
Әлеуметтік ID-картаға жәрдемақы мен төлемдер түседі. Оларды бірнеше төлем жасаау үшін қолдануға болады:
- қоғамдық көлікте (207 автобус және 108 трамвай) жол жүру ақысын төлеу;
- АӘК алушы отбасының балаларына мектепте тегін ыстық тамақ алу (91 мектеп);
белгілі бір дәріні тегін алу.
"Әлеуметтік карта арқылы оқушылар мектепке кірерде бақылау мен басқарудың электронды базасына келгенін көрсетіп, белгілене алады", - деп нақтылады Мұқышев.
Оның айтуынша, қазір 84 мың карта шығарылып, 62 мың данасы транзакцияланды.
Сонымен қатар жоба Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылды.
Енді 2020 жылдың соңына дейін жобаны барлық облыс орталығында іске қосу жоспарланып отыр.
Бұған дейін еңбек ресурстарын дамыту орталығында карта алдымен зейнеткерлер, мемлекеттік жәрдемақының барлық түрін алушылар, сондай-ақ оқушыларға берілетінін хабарлаған болатын.
Сонымен қатар алдағы жылдары "Қазпошта" бөлімшелерінің кассасында жәрдемақы мен зейнетақы алу қызметінің тоқтатылмайтыны айтылды.
Үкімет шешіміне сәйкес, әмбебап картамен толық қамтамасыз ету 2023 жылы аяқталуы тиіс.
Әмбебап картада бірқатар мемлекеттік қызметтер біріктіріледі: зейнетақы мен жәрдемақы алу, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу, сауда, медициналық және басқа да желідегі тауар мен қызмет үшін есеп айырысуға болады. Әлеуметтік карта бойынша жол жүруге 50% жеңілдік, шипажайда демалуға 100% өтемақы алуға болады.
ID-картаны барлық қазақстандық ала алады. Әмбебап әлеуметтік карталар тегін беріледі. Карта берумен "Қазпошта" АҚ айналысады.