Қоғам

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

© REUTERS / POOLКоронавирусқа шалдыққан науқас жатқан палата
Коронавирусқа шалдыққан науқас жатқан палата - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда коронавирустан елу алты жастағы пациент көз жұмды, республикада індеттен қайтыс болғандар саны жиырма адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

"Қайтыс болған пациент 1964 жылы дүниеге келген", -делінген хабарламада.

Республикада індеттен барлығы 20 адам көз жұмды, соның ішінде алтауы – Алматы қаласында. 

Соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны  2191 адамға жетті. 515 адам жазылып шықты.

  • Алматы – 735,
  • Нұр-Сұлтан – 421,
  • Қызылорда облысы – 157,
  • Шымкент  – 131,
  • Қарағанды облысы – 102,
  • Батыс Қазақстан облысы – 86,
  • Ақмола облысы – 83,
  • Атырау облысы – 82,
  • Жамбыл облысы – 79,
  • Түркістан облысы – 76,
  • Алматы облысы – 62,
  • Павлодар облысы – 43,
  • Қостанай облысы – 36,
  • Ақтөбе облысы – 34,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30,
  • Маңғыстау облысы – 19,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 15.
Жаңалықтар
0