Қоғам

ҰБТ-ның қалай өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевСтарт ЕНТ 2019
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлік ұлттық бірыңғай тестілеуді әдеттегі форматта өткізуді жоспарлап отыр, алайда ұйымдастырушылар қосымша санитарлық шаралар енгізеді  

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде мектеп түлектеріне 11-сыныптың төртінші тоқсанында оқытылатын бағдарламадан сұрақ берілмейді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.  

Ата-аналар қашықтан оқу форматына көшкен балалары ҰБТ-ға нашар дайындалады деп уайымдап отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Ал тестілеу орталығындағылар қашықтан оқу оқушылардың тестке дайындалуына кедергі келтірмейтінін айтты.

"Оқушыларға төртінші тоқсан бағдарламасынан сұрақтар берілмейді. Яғни, тек 5-сыныптан бастап 11-сыныптың үш тоқсанына дейінгі аралықта сұрақ қойылады. ҰБТ-ны өткізуде бұрынғы формат сақталады, алайда біз қосымша санитарлық шектеу шараларын енгіземіз", - деді Дидар Смағұлов.

Сонымен қатар тест тапсырушылар арасындағы қашықтық ұлғаяды. Жергілікті жерлерде барлық оқушының дене қызуы тексеріледі.

Мектептерде соңғы қоңырау бола ма – білім министрлігі жауап берді

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетіне байланысты төртінші тоқсанда оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Биыл олар бітіру емтихандарын тапсырмайды.

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны дәстүрлі түрде маусымның аяғында өткізуді жоспарлап отыр. Алайда министрлік коронавирусқа байланысты жағдай ушығып, карантин режимі жалғасатын болса, Б жоспарына көшетіндерін айтты.

Жаңалықтар
0