Өңірлер

Қашамын деп көз жұмды: Тараз ауруханасындағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

CC0 / / Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото
Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамнан алынған коронавирус сынағы теріс нәтиже көрсеткен және ол бұрын "созылмалы алкоголизм" диагнозымен есепте тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Таразда ер адам аурухананың екінші қабатынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға сәрсенбі күні болған. Жергілікті полиция бөліміне провизорлық стационарда жатқан пациент қашуға тырысып, ғимараттың екінші қабатынан құлады деген хабар түсті. Ол есін жимаған күйі көз жұмған.

"Одан алынған COVID-19 нәтижесі теріс нәтиже берді. Ауруханадан қашып кетуге тырысқан 42 жастағы ер адам агрессивті күйде болған. Ол екінші қабаттағы терезеден шығып, асфальтқа құлаған", – деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері марқұмның бұрын бірнеше рет сотталғанын атап өтті. Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін "созылмалы алкоголизм" диагнозымен наркологтың есебінде тұрған.

Оқи отырыңыз: СҚО-дағы трагедия: қыз терезе арқылы үйден жалаң аяқ жүгіріп шыққан

Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0