Қоғам

СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

© Sputnik / Владислав Воднев Призывники на блокпосту
 Призывники на блокпосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде жарияланған төтенше жағдай мен карантин кезінде тұрғындардан пара алып жатқан полицейлер анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында аудандық полиция бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары 1 миллион 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы ақшаға төтенше жағдай кезінде ауданда бірнеше адамның кедергісіз жүруіне рұқсат берген", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақов бүгінгі онлайн брифингте.

Сондай-ақ, Петропавл қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінге тергеу басталды. Ол 50 мың теңгеге көлікпен блок-бекет арқылы өтуге мүмкіндік беретін рұқсат қағазын жасаған.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Ал Шымкент қаласында жол-патрульдік полицей жеке кәсіпкерді ішкі блок-бекет арқылы өткізіп тұрған. Сол үшін 25 мың теңге алды деген айып тағылып отыр.

"Шымкент қаласының Қаратау аудандық полиция басқармасында жұмыс істейтін учаскелік инспектор болса, Түркістан облысының тұрғынынан 15 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Осы ақша үшін төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, оны "Таскешу" блок-бекеті арқылы өткізіп тұрған", – деп атап көрсетті Жапақов.

Жаңалықтар
0