Экономика

ЕАЭО премьерлері қандай мәселені талқылады

© Sputnik / Владислав Воднев Флаги стран-участниц ЕАЭС
 Флаги стран-участниц ЕАЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметаралық кеңес отырысы видеоконференция форматында өтті. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің премьерлері газ тасымалдаудағы тарифтер мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Үкіметаралық кеңес мүшелері 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасын дайындау мәселесін қарастырды.

Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин видеоконференция форматында өткен кезектен тыс отырысқа қатысты.

"ЕАЭО -ның ортақ нарығында газ тасымалдау бағасы талқыланды. Халықаралық автокөлік тасымалын кезең-кезеңмен либерализациялау және денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті кеңейту сөз болды", - деп жазылған ресми хабарламада.

Отырысқа Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин, Беларусь елінің үкімет басшысы – Сергей Румас, Қырғызстаннан – Мухаммедкалый Абылғазиев, Армениядан – Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты. 

Еске сала кетсек, 19 мамырда Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді. Үкімет басшылары Минск қаласында кездесуі мүмкін. Жиын онлайн-конференция түрінде ұйымдастырылуы да ықтимал екені айтылды.

Жаңалықтар
0