НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. 2020 жылы әскери жиындарға 1 500 әскери міндетті шақырылады. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығында жазылған.
"2020 жылы 1500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын", - деп жазылған құжатта.
Әскери жиындарды әскери басқару органдары, әскери дайындық жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдар өткізеді.
"Мұндай жиындар елде жылына бірнеше рет ұйымдастырылады", - деді қорғаныс министрлігінде.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
2 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерге арнайы жиын жариялаған болатын.
Тағы оқыңыз: "Тамақ ішуге ұяласың": астаналық жігіт әскери жиынға неге барғанын айтты - видео
Әкімдер азаматтарды жиынға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер, әскери комиссариат арқылы шақырады. Олардың денсаулығы, отбасы жағдайы мен жасы сынды жайттар ескеріледі.