НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір –Sputnik. Қазақстанда тағы 18 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
"Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 6, Павлодар облысында – 1, Жамбыл облысында – 5, Ақмола облысында – 1, Атырау облысында – 2, Алматы облысында – екі коронавирус анықталды", - делінген ақпаратта.
Осы уақытқа дейін барлығы 1995 адамда инфекция расталды.
Алматы қаласы – 678, Нұр-Сұлтан қаласы – 393, Қызылорда облысы – 151, Қарағанды облысы – 101, Шымкент қаласы – 103, Ақмола облысы – 83, Атырау облысы – 82, БҚО – 70, Жамбыл облысы – 70, Түркістан облысы – 66, Алматы облысы – 55, Павлодар облысы – 34, СҚО – 30, Ақтөбе облысы – 27, Қостанай облысы – 27, Маңғыстау облысы – 14, ШҚО – 11.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 489 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды.