Қоғам

Дәрігерлер 500-ден астам науқасты емдеп жазды  

© AP Photo / Petr David JosekВрач держит руки пациента в больнице с коронавирусом
Врач держит руки пациента в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жеңген адамдардың саны Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана емес, республиканың басқа өңірлерінде де көбейіп келеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір –Sputnik. Қазақстанда тағы 16 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Осылайша Қазақстан бойынша жазылғандар саны 505-ке жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 205,
  • Алматы қаласы – 88,
  • Шымкент қаласы – 17,
  • Ақмола облысы – 19,
  • Ақтөбе облысы – 10,
  • Алматы облысы – 9,
  • Атырау облысы – 29,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5,
  • Жамбыл облысы – 24,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 19,
  • Қызылорда облысы – 29,
  • Маңғыстау облысы – 4,
  • Павлодар облысы – 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25,
  • Түркістан облысы – 18,
  • Қостанай облысы – 1.

Коронавирусқа қатысты жағдай

Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 2047 адам тіркелді. Олардың 19-ы қайтыс болды.

16 наурыздан 1 мамырға дейін елде төтенше жағдай жарияланды. Алайда билік оның ұзартылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Оқи отырыңыз: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – Біртанов

Қазіргі уақытта Қазақстан індеттің таралу шыңында тұр. Денсаулық сақтау министрлігі мамыр айында науқастардың саны 3500-ге дейін артады деп болжап отыр.

Жаңалықтар
0