ҚЫЗЫЛОРДА, 22 сәуір — Sputnik. Байқоңырда тыл ардагерлеріне ""1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл" мерейтойлық медалі табысталды.
Сондай-ақ ардагерлерге азық-түлік пен Ресей президенті Владимир Путиннің құттықтауы жеткізілді.
"Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгин ұлы жеңіске қосқан үлесі үшін оларға алғыс білдірді. Денсаулық пен ұзақ өмір тіледі", - деп хабарлады әкімдіктің БАҚ-пен байланыс бөлімі.
Байқоңырда барлығы сегіз тыл еңбеккері медаль алды.
Жуырда қайтыс болған ардагерлерге арналған құттықтау туыстарына табысталатыны хабарланды.
Тағы оқыңыз: "Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото