Өңірлер

Қар, бұршақ және тұман: алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда қар
Алматыда қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, 23-25 сәуір күндері ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстікте жел күшейеді.

"23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Осыдан кейін ел аумағына суық антициклон ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді", - деп болжады синоптиктер.

Дабылды ескерту

23 сәуірде бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласында оқтын-оқтын найғазай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан екпіні 15-18 м/с жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде –  найғазай, дауыл және бұршақ.  Желдің екпіні күндіз 23 м/с дейін барады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, тұман түседі, жел 23-28 м/с дейін күшейеді. Қостанай қаласында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің екпіні 25 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында – найзағай, 15-20 м/с жел. Ақтау қаласында найзағай жарқылдайды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның қай облыстарын су басуы мүмкін

Атырау облысында батыстан 15-20 м/с жел соғады. Атырау қаласында желдің екпіні 18 м/с дейін барады.

Ақтөбе облысында да күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Ақтөбе қаласында желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, найзағай ойнайды.  Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с барады.

23-24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар ), күндіз бұршақ түседі деп күтілуде. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік жүреді.

24 сәуірде Ақтөбе облысында, 24-25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, дауыл тұрады. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0