Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.
23 сәуірге жоспарланған шаралар
20.00 – Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадырғазы Қуандықовтың қатысуымен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында өтеді – @ musrepov.theatre).
24 сәуірге жоспарланған шаралар
15.00 – Қазақстанда президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толуына арналған "Президенттік басқару тәртібі: конституциялық негіз және саяси тәжірибе" халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы. Іс-шараға Қазақстанның және бірнеше шет елдің (Ресей, Франция, Әзербайжан және т.б.) жетекші ғалымдары: тарихшылар, саясаттанушылар, құқықтанушылар, жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылары, магистранттар, докторанттар және мектеп мұғалімдері қатысады. Конференцияда тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктері талқыланады.
(Конференцияны мына сілтемелер арқылы көруге болады: қазақ тілінде – https://www.youtube.com/watch?v=6cxa--E1SyE&feature=youtu.be, орыс тілінде – https://youtu.be/agSRd-z45hM, ағылшын тілінде – https://youtu.be/R-S9CMMRiLk).
20.00 – Театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шолпан Сіргебаеваның қатысуымен тікелей эфир (Тікелей эфир Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ресми парақшасында өтеді – @ musrepov.theatre).
22.00 – Қытай ұлттық балеті бағдарламасының онлайн-көрсетілімі. Бағдарлама 2018 жылы жазда Нұр-Сұлтанда "Eurasian Dance Festival" фестивалінде таныстырылған болатын (Трансляция "Астана Балет" театрының ресми YouTube-каналында).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.