Қоғам

Біртановтың 3 500 адам вирус жұқтырады деген болжамы дұрыс болмай шықты

© REUTERS / KHALIL ASHAWIПробирки с пробами на коронавирус
Пробирки с пробами на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирусқа қатысты болжамы өзгерді. Бас санитар мамырдың соңына дейін науқастардың саны 4 000 болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралуына қатысты тағы бір болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде республикада коронавирустың шарықтау шегі басталды. Науқастардың саны күн сайын 8 процентке өсіп отыр.

"Болжам бойынша үш айдың ішінде, атап айтқанда, наурыз, сәуір мен мамырда науқастардың саны өседі, сосын қайтадан төмендейді. Сәуірдің аяғына дейін 2 700 науқас тіркеледі деген болжам бар. Ал мамырдың соңына дейін науқастардың саны 4 000-ға дейін барады", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Бас санитардың сөзіне қарағанда, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі күн сайынғы статистиканы 5 процентке дейін төмендетуді көздейді. Одан кейін ауруға шалдығу көрсеткішін 1 процентке түсіру керек. Ал жергілікті жерде науқастардың тіркелуі тоқтағанда жағдай тұрақталады.

Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – денсаулық сақтау министрі 

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус шарықтау шегіне жеткенде науқастардың саны 3 500 адамнан аспауы тиіс деп айтқан.

Жаңалықтар
0