Қоғам

Қазақстанда 589 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған 

© Sputnik / Кирилл Шипицин / Медиабанкке өтуВрач держит в руках маску для искусственной вентиляции легких в палате госпиталя
Врач держит в руках маску для искусственной вентиляции легких в палате госпиталя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Біртанов коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істейтін 20 мыңға жуық медицина қызметкері үстемеақы алғанын айтты   

АЛМАТЫ, 21 сәуір –Sputnik. Қазақстанда 589 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн сұхбат кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 589 медицина қызметкері тіркелді", -деді Біртанов.

Сонымен қатар министр коронавируспен күрес жүргізіп жатқан дәрігерлердің үстемеақы алуына қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Бізде шартты түрде зертхана қызметкерлері, санитарлар мен денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтіндерді қоспағанда, 240 мың дәрігер мен медбике бар. Жалпы 400 мың медицина қызметкері бар. Наурызда 20 мыңға жуық адам үстемеақы алды. Бұлар коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер", - деді министр.

Сондай-ақ, үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімін бас дәрігерлер жасап, әкімдіктерге тапсыратынын айтты.  

"Әкімдік жанындағы комиссия оларды бекітеді. Біз ауруханаларға ақша бердік, олар төледі. Сондықтан бұл сұрақтар комиссияға қойылуы керек", - деді Біртанов.

Оқи отырыңыз: Әзірге вирустың таралу шыңында тұрмыз – Біртанов

Министр әр медбике мен дәрігердің мәселесін шешу үкіметтің жұмысы емес екенін атап өтті.

"Жергілікті жердегі басшыларды медицина қызметкерлерінің сөзіне құлақ асуға шақырамын. Әр медбике немесе дәрігердің мәселесін шешу үкіметтің жұмысы емес. Жергілікті жерде шешілуі керек. Біз президент тапсырмасы бойынша нормативтік құжатты бердік, ақша түсірдік, медициналық сақтандыру қоры жеткізді", - деп толықтырды министр.

Жаңалықтар
0