Қоғам

Әзірге вирустың таралу шыңында тұрмыз – Біртанов

© Sputnik / Абзал КалиевМинистр здравоохранения Елжан Биртанов
Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында инфекция таралуы шыңына жеткенімен, басқа аймақтарда ол кештеу болатынын айтады

АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматыда инфекцияның таралуы өткен аптада 15%-ке артқан. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн сұхбат барысында хабарлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сонымен қатар министр елде инфекцияның таралу өсімі 8%-ті көрсеткенін айтты.

"Эпидемиологиялық тұрғыдан қарағанда, инфекцияның таралу өсімі маңызды. Дүйсенбіде науқастардың саны 1 711 болса, онда әр адам үш адамға жұқтыруы мүмкін. Демек, келесі күні науқастардың саны бес мыңға жетеді. Одан кейін ол бес мың он бес мыңға дейін көбейеді. Елімізде қабылданған шаралардың арқасында инфекцияның таралу қарқыны 8%-ті көрсетеді", – деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл жағдайдың тұрақталғанын білдірмейді. Алдағы уақытта өсімді 5%-ке, одан кейін минимумдық көрсеткішке түсіру көзделіп отыр.

"Инфекцияның таралуы бір пайыздан төмен болған кезде ғана оның таралуы құлдырады деп айта аламыз. Жаңа науқастардың саны стационарлардан шығарылатындардың санынан аз болуы тиіс. Әзірге біз вирустың таралу шыңында тұрмыз", – деді министр.

Сонымен қатар министр Нұр-Сұлтан мен Алматы инфекция таралу шыңына жеткенін, алайда басқа аймақтарда ол жағдай кештеу болатынын айтты.

"Кез келген инфекцияның таралу шыңы бар. Ал денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шешімнің арқасында таралу деңгейі төмендейді. Бұл шамамен үш ай уақытты алады. Алайда әлем бойынша таралу деңгейі төмендегеніне қарамастан, инфекция түбегейлі жойылып кеткен ел жоқ. Сондықтан инфекцияның шарықтау шегін, құлдырауын наурыз, сәуір, мамыр айында бақылайтын боламыз, – деді министр.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың таралуын бақылай алмай қалу қаупі туып отыр – министр

 

 

 

 

Жаңалықтар
0