Өңірлер

Алматыда тағы 127 медицина қызметкерінен коронавирус табылды

© Sputnik / Абзал КалиевВрач берет кровь для анализа на коронавирус
Врач берет кровь для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір қалада жұқпалы аурулар стационарларында 577 адам ем алып жатыр. Екі науқастың жағдайы өте ауыр, алтауының жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 21 сәуір –Sputnik. Алматыда бір тәулікте 145 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, оның 127-сі медицина қызметкері. Бұл жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қалада соңғы тәулікте жаңадан 145 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Олардың 104-і орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12-сі №12 қалалық емхананың, 11-і қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкері. Қалған 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар", - деді басқармадағылар.

Қазір қалада жұқпалы аурулар стационарларында 577 адам ем алып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі науқастың жағдайы өте ауыр, алтауының жағдайы ауыр. 168 адамның денсаулығы орташа ауыр деп бағалануда, ал қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Оқи отырыңыз: Діни басқарма кімдерге оразаны кейінге қалдыруға болатынын айтты

Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда 352 адам, үй карантинінде 9 950 адам бар.

Сонымен қатар қалада тағы бір қалалық емхана карантинге жабылды.

"Бостандық ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, №12 қалалық емхана карантинге жабылды", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін қызметкерлерінен коронавирус анықталған орталық қалалық клиникалық аурухана таза және вирус жұқтырған аймақ болып бөлінген. Ол жерде қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылды.

Науқастармен коронавирус жұқтырмаған медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Індетке шалдыққан медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде емделуде. 

Жаңалықтар
0