Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстары басталды

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города Нур-Султан весной
Виды города Нур-Султан весной - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл елордада 150 көше жөнделеді. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды. Биыл елордада 150 көше жөнделеді деп жоспарлануда.

Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.

"Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 50 көше қаланың орталық бөлігінде – қоғамдық көлік жүретін магистральды көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. 150 көшенің 100-і тұрғын алаптарда. Мысалы, Өндіріс, Кирпичный, Көктал, Лесозавод. Жол жұмыстары барлық тұрғын алаптарда жүргізіледі", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

"Жүргізіліп жатқан жұмыстар елорданың инженерлік және жол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл бізге "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы жақсы көмектесуде", – деп толықтырды қала басшысы.

Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі

 "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша жол жөндеуге 12 миллиард теңге бөлінген. Жұмыстың басым бөлігі тұрғын үй алаптарында жүргізіледі. Сонымен қатар бағдарлама бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Жаңалықтар
0